Магматогендік су

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Магматогендік (тұмса) жерасты суы. Тұмса су жер қыртысының терең қойнауларынан келеді. Оның пайда болуы балқыған магманың суынуына байланысты. Магма - эртүрлі газдарға қаныққан силакат балқыма. Магма салқындаған кезде оның құрамынан газ тәрізді компоненттер мен су буы бөлініп шығады да конденсацияланып, ыстық суға айналады. Бүл су таужыныстардағы жарықшақтар мен кеуектер бойынша температурасы мен қысымы жоғары алкаптардан көтерілген сайын тұздар мен газдарға байып, жер қыртысының жоғарғы горизонттарына жетеді. Мұнда бұл су шөгінді таужыныстарға еніп, олардың қуыстарын (каверналарын,жарықшақтарын, кеуектерін) толтырады.<ref>Байбатша Ә.Б.Жалпы геология (Жер динамикасы): Оқулық.Алматы: ҚазҰТУ. -364 б. Сурет- 132. Кесте-30. Әдебиеттер тізімі 15 атay. ISBN 987-601-228-001-2</ref>

Тақырыпқа байланысты

Дереккөздер

<references/> География

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала