Магмалық жьныстардың минералдық құрамы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Магмалық жьныстардың минералдық құрамы. Тау жыныстарының минералдық құрамы, олардың химиялық құрамына сәйкес, магманың өзгешеліктерімен және оның кристалдану жағдайларымен анықталады. Сондықтан магмадағы басты элементтер — оттек пен кремний. Демек, магмалық жыныстардың өте маңызды бөлшектері силикаттар және кварц болады.

Магмалық тау жынысының құрамына кіретін минералдар екіге бөлінеді:

  1. басты минералдар — бұлар тау жынысының қай топқа жататынын анықтаушылар
  2. екінші дәрежедегі минералдар — бұлар жыныстарда аз мөлшерде кездеседі немесе тіпті болмайды; олардың болу-болмауынан жыныстың жалпы түрі өзгермейді.

Бұдан басқа, жыныс құраушы минералдар түсті және түссіз минералдар болып та бөлінеді.

  • Түсті минералдар — темірлі магнийлі (фема) силикаттар—бұлар амфиболдар, оливин-пироксендер, биотиттер.
  • Түссіз минералдар құрамында кремний мен алюминий тотықтары басымырақ , сондықтан оларды «сал» минералдар деп те атайды. Бұлар көбінесе мөлдір келеді. Түсті минералдары көп жыныстар меланократтық , түссіз минералдары кептері лейкократтық бөлігі айрылады.<ref>Кристаллография, минералогия, петрография. Бұл кітап Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік педагогты институтының, география факультетінде оқылған лекциялардың негізінде жазылды, 1990. ISBN 2—9—3 254—69</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}