Ләйля Ғалиқызы Ғалымжанова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ләйля Ғалиқызы Ғалымжанова 1924 жылы 22 қаңтарда Петропавл қаласында туған.

Әкесі - Ғалымжанов Ғ.Ғ., заңгер болған, 1938 жылы атып кеткен.

Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының актерлік факультетін бітірген (1947), театр және кино актері. «Жоғары лауазым» (1958), «Кешкілік шеткері аймақ» (1961) көркем фильмдері сценарийлерінің; 10-ға жуық әңгіменің; 15 мақаланың авторы.

Орыс және ағылшын тілдерін біледі.

КОКП мүшесі (1960-1990).

1946 жылдан - Алматы қаласының ЖКТ актері; Алматы киноактерлер мектебінің дәріскері, Республикалық Халық шығармашылығы үйінің аға әдістемешісі, көркем жетекшісі. 1954 жылдан - Алматы қалалық мәдениет бөлімінің инспекторы, Алматы көркем және хроникалық фильмдер киностудиясындағы сценарий белімінің аға редакторы.1958 жылдан - Алматы телевизия студиясының бас режиссері. 1959 жылдан - ҚазКСР мәдениет министрінің орынбасары. 1961 жылдан - ҚазКСР мәдениет министрі. 1967 жылдан - ҚазКСР Министрлер кеңесі мәдениет белімінің меңгерушісі. 1975 жылдан - ҚазКСР Мәдениет министрлігі Кинематография комитеті төрағасының орынбасары. 1977 жылдан - ҚазКСР Мәдениет министрлігі ҚазКСР Мемлекеттік кинематография комитетінің төрайымы. 1981 жылдан - зейнеткерлік демалыста.

ҚазКСР Жоғарғы Кеңес депутаты (1964-1968).

ҚазКСР Кинематографистер одағының мүшесі (1956 жылдан).

«Құрмет белгісі», Еңбек Қызыл Ту ордендерімен; медальдармен; ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің 5 құрмет грамотасымен марапатталған.

Діни көзқарасы - «Ауқымды және биік».

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - «Менің идеалым утопиялық».

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Ол туралы ойлану өте мұңды, тек 50 жылдан кейін жарқын келешек бола- ды деп армандау қалады, себебі өз халқымның рух қуаты мен ерік-жігеріне сенемін».

Хоббиі - кітап оқу.

Сүйіп оқитын әдебиеті - поэзия, проза, драматургия.

Жесір. Жұбайы - Қарауылов Зия, марқұм. Ұлы - Қарауылов Әділ (1949 жылы туған); қызы - Қарауылова Рабиға (1952 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub