Ләззат Мәдиқызы Маралбаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ләззат Мәдиқызы Маралбаева - 1951 жылы 24 наурызда Көкшетау қаласында туған. Қазақ. Әкесі - Маралбаев Мәди Темірболатұлы (1911-1992), ҰОС ардагері, Қазтұтынуодағында жұмыс істеген. Анасы - Ізтілеуова Кәлима Хабибқызы (1924-1992), тыл майданының ардагері, Балық шаруашылық министрлігінде қызмет еткен.

Алматы сәулет-құрылыс институтын (1976) сәулетші мамандығы бойынша; Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының аспирантурасын (1988) бітірген. Қазақ, орыс және француз тілдерін біледі.

Кеңестік Қазақстан Энциклопедиясы мақалаларының (1991), ғылыми жинақтардағы жарияланымдардың, «Кеңестік Қазақстан сәулеті» монографиясындағы иллюстрациялардың авторы (1987). «Компаньондар. Суретшілер» телехабары сценарийінің авторы, режиссері, жүргізушісі (1998), 5-минуттық «Сурет салғанды ұнатамын» фильмінің авторы (1998). Француз балеринасы Паскалина Ноель-Одегонның Филипп Гластың музыкасына қойған қойылымындағы «Опущенный взгляд» («Төмен қараған көздер») модерн-балеті декорацияларының авторы (1997). Қалалық, республикалық және шетелдік көрмелерге белсене қатысады. 1996 жылдан Еуропада жұмыс істеп, көрмелерге қатысады. 2002 жылдан бері жыл сайын 2-5 ай бойына Парижде, Тулуз маңындағы жазғы шеберханаларда жұмыс істеп, көрмелерін өткізеді.

Жыл сайын желтоқсан айында Луврде, Carroussel du Louvre, Paris өтетін Salon SNBA атты ең көне көркем өнер салонына (2007, 2008); Осака, Аичи, Тойяма (2004, 2008, 2009), Фонтенбло қалаларының муниципалдық мұражайларындағы «Адамзат Жан Миллеге» қауымдастығының халықаралық көрмелеріне, Қазақстанның мәдени бағдарламасына (желтоқсан, 2008, Луардағы Chateau de Beauregard қамалындағы салон (сәуір, 2009) қатысқан.

Туындылары Бельгияда - Брюссель мен Антверпенде, Германияда - Бонн мен Франкфуртта, Италияда - Рим, Минори мен Фурорда, Люксембургте, Ресейде - Қазанда, АҚШ-та - Нью-Йоркте, Францияда - Кутанс, Тулуза мен Парижде, Жапонияда - Осака, Аичи және Тойямада, Қазақстанда - Алматы, Астана қалаларында көрмеге қойылған.

ҚР Сәулетшілер одағының, Hommage a Jean Millet, AIEL (Academie Internationale I'Ecole de la Loire) қауымдастығының мүшесі.

Дипломдары, сертификаттары, грамоталары бар.

Діни көзқарасы - діндар емес, мұсылмандық дәстүрлерді ұстанады.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - саясаттан алшақ, тек өнерге ғана қызығушылық танытады.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Біздің балаларымыз - Қазақстанның болашағы және сол себепті ертеңгі жемісімізді алу үшін оларға бүгінгі күні ең жақсы дегеннің барлығын беруіміз қажет».

Хоббиі - кескіндеме, музыка, кино, сән; автомобиль жүргізу; немерелерімен ойнау, мереке күндері дәмді ас дайындау.

Сүйіп оқитын әдебиеті - өнер жайлы кітаптар, өмірбаяндық және деректі шығармалар, психологиялық детектив, Милан Күндераның «Жайбарақаттық», «Түпнұсқалылық» романдары. Қыздары - Қарпықова Жанел (1980 жылы туған), галерея қызметкері, итальян тілінің мұғалімі; Қарпықова Алуа (1982 жылы туған), жарнама агенттіктерінде PR-директор болып жұмыс істеген; ұлдары - Қарпықов Сәдуақас (1982 жылы туған), «БурдаАлатауПресс» бас дизайнері; Қарпықов Әбілқайырхан (1992 жылы туған), Қазақ-неміс университетінің студенті.

Немерелері - Арлан (2008 жылы туған), Алан (2008 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub