Ләззат Мұратқызы Танысбай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ләззат Мұратқызы Танысбай (11 қазан, 1973 жыл, Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауылы) - журналист.

Алматы халықаралық журналистика институтын бітірген. Халықаралық бизнес университінің МВА дәрежесін қорғаған (диссертация тақырыбы: «Қазіргі Қазақстан жағдайында телеарнаның қаржылық тиімділігін арттыру жолдары»).

Қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерін біледі.

Еңбек жолын 1993 жылы Қазақстан Республикалық Телерадиокорпорациясында редактор қызметінен бастады, одан кейін репортер және тележүргізуші қызметін атқарды. «Хабар» Агенттігінің іргетасы қаланған күннен бастап (1996 ж.- 2002 жылға дейін) жаңалықтар қызметінің редакторы – жүргізушісі, атқарушы продюсері болып еңбек етті. 2002 жылы мемлекеттік қызметке ауысты. Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Баспасөз қызметінде бас сарапшы, сектор меңгерушісі, бас инспектор қызметтерін атқарды. 2005 жылдың қыркүйек айынан бастап 2008 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі, Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары болды. 2008 жылдың қазанынан бастап 2011 жылдың қарашасына дейін – «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2011 жылдың 4-ші қарашасынан бастап – ҚР Ақпарат және байланыс вице-министрі. 2012 жылдың ақпанында «Астана қ. теледидары» ЖШС-нің Бас директоры болып тағайындалды.


Ләззат Танысбай еңбек жолында түрлі марапаттарға ие болған - Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері (2010), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2015). Екі баланың анасы. «Нағыз бақыт - өзгелерді бақытты ету» деген қағиданы ұстанады.

<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}