Люси Клиффорд

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Люси Клиффорд(Үлгі:Lang-en), тумысынан Лэйн(Үлгі:Lang-en),(1846—1929 жылдар) — ағылшын жазушысы, әйгілі британ математигі және ойшылы Уильям Кингдон Клиффордтың жұбайы<ref>http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%BB%D0%B8%D1%84%D1%84%D0%BE%D1%80%D0%B4,_%D0%9B%D1%8E%D1%81%D0%B8</ref>.

Өмірбаяны

Люси Лейн 1846 жылы Лондон қаласында Джон Лэйннің отбасында дүниеге келген.

1875 жылы ол Уильям Кингдонға тұрмысқа шығады. Ол кезеңде ол әдебиетке енді ғана бет бұрған болатын. Көп ұзамай Люси екі баланы дүниеге әкеледі. Алайда араға төрт жыл салып 1879 жылы Люсидің жұбайы Уильям қайтыс болып, ол екі баламен жесір қалады.

Күйеуінің өлімінен кейін де Люси әдебиетпен айналысуын доғармады. Осылайша аз ғана уақыттың ішінде ол жазушы ретінде, кейіннен драматург ретінде таныла бастады.

Ол көптеген романдар мен пьесалардың авторы, олардың ішіндегі танымалдары ретінде «Миссис Кейт қылмысы» (Үлгі:Lang-en, 1885 жыл) және «Энн тәте» (Үлгі:Lang-en, 1893 жыл) туындыларын атауға болады. Клиффорд шығармаларының арасында балаларға арналған «The Anyhow Stories, Moral and Otherwise» (1882 жыл)жинағы да оқырман сүйіспеншілігіне бөленген туындылардың бірі.

1929 жылы өмірден озған Люси Клиффорд Лондондағы Хайгейт зиратына жұбайының жанына жерленеді.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}