Люминесценттік-таушайырлық талдау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Люминесценттік-таушайырлық талдау - Тау жыныстарындағы шашыранды таушайырлы заттардың мөлшері мен құрамын, олардың люминесценциялық ерекшеліктерін саралау нәтижесінде анықтаудың жартылай сандың әдісі.

Люминесценттік-таушайырлық талдау таушайырлы заттарды кадағалау, тектүрін анықтау және олардың тау жыныстарындағы, минералдардағы, топырақтағы, бүгінгі шөгінділердегі, судағы таралу ерекшеліктерін нақтылау мақсатында жүргізіледі. Бұл талдау әдісі таушайырлы заттардың мөлшері мен құрамы және олардың люминесценциясының түсі мен қарқындылығы арасындағы байланысты анықтауға негізделген. Әдетте ертіндідегі майлы фракциялардың люминесценциялану түсі ашык көк, шайырлардікі — аңшыл-көк, сарғыш, шайыртас тектестерінікі — күңгірт, сұрғылт-сары, сұрғылт-көк, хлорофилдер мен порфириндердікі — қызғылт.

Люминесценттік-таушайырлық талдау сезімталдыңпен және тез жүргізілу мүмкіндігімен сипатталады. Люминесценция аса күлгін сәулелер көмегімен қоздырылады, оны жасактау көзі ретінде өте жоғары қысымды сынапты-кварцты шамдар пайдаланылады.<ref>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов. — А.: АРНGroup, 2000 жыл. — 328 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Люминесценттік-таушайырлық талдау|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}