Людмила Дружинина

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Людмила Дружинина - 1918 жылы 8 наурызда Ресейдің Омбы облысының Калачинск стансасында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетін бітірген. Томск геология басқармасына істеген. Талдықорған қалалық Кеңесінің депутаты болған.

1947 жылы ол «Томск» альманахында және Томск облыстық «Красное знамя» газетінде өзінің алғашқы өлеңдерін жариялады. Содан бастап журналистік қызметке ауысып, Томск, Новосибирск және Талдықорған газеттерінде істеді.

Шығармашылығы

Балаларға арналған алғашқы «Көңілді үйірме» кітапшасын 1954 жылы Новосибирск кітап баспасында шығарды.

Келесі жылы осы баспадан балаларға арналған екінші кітапшасы — «Жанды календарь» жарық көрді. «Сәбилер ержетеді»(1959), «Ынтымақты істер» (1959), «Баспалдақтан баспалдаққа» (1961), «Апорт» (1963), «Үйде және мектепте» (1968), «Көңілді балалар» (1977), «Сиқырлы суретші» (1980), «Орман соқпағы» (1985) жыр жинақтары Алматыда басылып шықты.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}