Людмила Гавриловна Космачева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Людмила Гавриловна Космачева (1917-1997, Белоруссия). Атырау мұнай техникумын бітірген (1936).

  • 1936-1942 жылдары - «Ембімұнай» геологиялық барлау кеңсесінің крелиустік партиясында техник-геолог.
  • 1942-1947 жылдары - Геологиялық-іздеу кеңсесінде геолог, геология бөлімінің бастығы.
  • 1947-1956 жылдары - «Ақтөбемұнай» тресінде бас геолог, геология бөлімінің бастығы, геологиялық-түсіру партиясының бастығы.
  • 1956-1972 жылдары - Қазақ КСР ҒА Қ.И.Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтында кіші, аға ғылыми қызметкер. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}