Лужиліктер
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Лужиліктер
Лужиліктер (өз атауы — серболужичандар) — Германияның солтүстік-шығысын мекендейтін батыс славян халқы. Халқының саны 100 мыңдай (1996). Лужи және неміс тілінде сөйлейді. Лужиліктер христиан дінінің католик және лютерандық тармағын ұстанады. Антропологиялық жағынан Лужиліктер еуропоидтік нәсілге жатады.
Лужиліктер — ежелгі полаб славяндарының ұрпақтары. Олардың жерін 10 ғасырда немістер басып алған еді.