Ломейко Алла Евгеньевна

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ломейко Алла Евгеньевна1962 жылы дүниеге келген. 1985 жылы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дың қолданбалы математика факультетін тәмамдаған. "Экономика" баспасын 1994 жылдан басқарады, баспа директоры. Осы уақыт ішінде баспа жоқары оқу орнынын жанындақы баспадан республикалық деңгейдегі баспаның дәрежесіне жетіп отыр. А.Е.Ломейко 2005 жылы "Баспадағы маркетинг қызметі" атты тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғап шықты.<ref> Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>

Алла Евгеньевнаның іскерлігімен баспа көптеген дипломдарға ие болды: Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары ассоциациясы — "Лучшее вузовское издательство", Алматы қаласының әкімшілігі — "За высокое качество продукции", Қазақстан Республикасы Экономистер ассоциациясы — "За вклад в развитие казахстанской науки" және т.б.

Өткізілген ғылыми зерттеулерге сәйкес ол республиканың барлық аймақтарына баспа өнімдерін тарататын "Кітап-пошта" қызметін пайдалану арқылы оқулықтарды, ғылыми әдебиеттерді таратудың жүйесін енгізді.

А.Е.Ломейко университетте өткізілетін халықаралық және республикалық конференцияларға белсенді қатысады. 20 ғылыми еңбегін жариялады. Оның ғылыми қызметінің нәтижелері "Экономика" баспасында ғана емес, сондай-ақ басқа да республикалық баспаларда қолданылып жүр. Осының арқасында өндірістің пайдалылығы мен кітаптың таралымы көп артып отыр. Бұл өз кезегінде оқу процесіне оң ықпалын тигізеді әрі республика халқының экономикалық мәдениетін көтереді.

Алла Евгеньевнаның басшылығымен қызметкерлердің жұмыла күш жұмсауымен жүзеге асырылатын кітап шығарудың өндірістік процесі жолға қойылды. Баспа республикадағы барлық жоғары оқу орындарын экономикалық әдебиеттермен қамтамасыз етіп отыр, әрі елге танымал.

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}