Ломбард

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Жеке қаржы

Ломбард — жеке тұлғаларға жылжымалы мүлік кепілдігімен қысқа мерзімді қарыз беретін мекеме. Тұңғыш рет Францияда 15 ғасырда Ломбардиядан шыққан италиялық көпестер құрған. Ломбардқа заттарды (асыл металдан, асыл тастардан жасалған бұйымдарды, кілем, сәндік әшекейлерді, т.б.) кепілге салу туралы шарт ломбардтың кепілзат билетін беруімен рәсімделеді. Ломбард кепілге салынған заттарды бағасының толық сомасында сақтандыруға міндетті. Ломбард қызметкерлері кепілге салынған заттардың жоғалғаны, бүлінгені үшін, мұның тылсым күш салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, жауапқа тартылады. Ломбард қызметкерлерінің кепілге салынған заттарды пайдалануға, иеленуге құқы жоқ. Кепілзатпен қамтамасыз етілген несие сомасы ломбардқа уақытында қайтарылмаған жағдайда ол нотариустың атқарушылық жазбасы негізінде кепілзатты сата алады. Заттарды сақтайтын үй-жайды да ломбард деп атайды.<ref>Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2</ref>

Ұлттық банктің лицензиясы негізінде мына операцияларды жасауға: сақтауға беру, оңай өткізілетін құнды қағаздар мен жылжымалы мүліктер кепілдігі арқылы қысқа мерзімді кредиттер беру; кепілге, есепке, қымбат металдардан жасалған монеталарды сақтауға және сатуға қабылдау мен сатып алу; сейфтік операциялар; меншік құқығын сақтай отырып мүлікті жалға өткізу; заңнама және т.б. талаптарына сәйкес кепілге алынған мүліктерді сатуға құқықты болып саналатын банк болып табылмайтын заңды тұлға.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}