Логарифмдік сызғыш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Sliderule 2005.png
Логарифмдік сызғыш

Логарифмдік сызғыш

Логарифмдік сызғыш, есептеуіш сызғышсандарға қолданылатын амалдарды (көбейту, бөлу, дәрежеге шығару, түбір табу, т.б.) сол сандардың логарифмдеріне қолданылатын амалдармен алмастыру арқылы қарапайым есептеулерді шығаруға арналған аспап. Логарифмдік сызғыш корпустан, жылжымадан және көздегіш сызығы бар тиектен (шыны не плексигластан жасалған) тұрады. Корпус пен жылжымаға басты С және D шкалалары салынған. Олар кез келген Х санының (1-ден 10-ға дейінгі бүтін не бөлшек сандар) шамасы, шкаланың басынан бастап өлшенгенде lgX-ке тең ( — масштабтық коэффициент, шкала модулі) кесінді ұзындығымен анықталатындай етіп межеленеді. Логарифмдік сызғыштағы жылжыманың корпусқа қатысты орын ауыстыруы арқылы табылған С және D шкалаларындағы кесінділердің геометрия қосындысы (азайтындысы) осы кесінділерге сәйкес келетін сандарды көбейту (бөлу) амалы арқылы есептелінеді. Логарифмдік сызғышқа С және D шкалаларынан басқа Х2(А, В), Х3(К), ех, lgX(L), тригонометр. функциялар мәнінің шкалалары, т.б. шкалалар енгізіледі. Логарифмдік сызғыштың циркуль арқылы есептелетін алғашқы нұсқасын (гантер сызғышы) логарифм ұғымы пайда болғаннан кейін ағылшын математигі Э.Гантер жасаған (1623). 1630 ж. ағылшын математигі У.Оутред (1574 — 1660) циркульді екінші сызғышпен (қозғалмалы) ауыстырды, одан кейін тек кейбір бөліктері ғана жетілдірілді.

19 ғасырдың 30-жылдары дөңгелек Логарифмдік сызғыш шықты, ал 1850 ж. Логарифмдік сызғышқа тиек (жүгіртпе) қосылды. Қазіргі Логарифмдік сызғыштар — қарапайым және ыңғайлы есептеуіш құрал; инжектор және т.б. есептеулерде қолданылады.

Пайдаланған әдебиет

Сілтеме


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Логарифмдік сызғыш|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}