Ли Юань

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ли Юань (566 жыл - 635 жыл 25 маусым) - 618-626 жылдардағы Қытай императоры, Тан әулетінің негізін қалаушы.

Суй әулеті үкіметінің әлсірей бастағанын пайдаланып, 617 жылы Чаньчань астанасын басып алды, онда ол император болып жарияланды. Өзінің баласы Ли-Ши-минмен бірге елді өзіне толық бағындыру үшін соғыс жүргізді. Шаруалар көтерілісін тоқтату үшін салықты азайттырды. Ли-Ши-мин Ли Юаньды үкімет билігінен тайдырды.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 7 том </ref>

Дереккөздер

<references/>