Лирикалық шегініс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Лирикалық шегініс - әдеби шығармадағы көркемдік тәсіл. Оқиға желісін кенет үзіп, өзі жайлы немесе оқиғадан тыс жайтты баяндау. Мұның негізгі оқиғаға тікелей қатысы бола қоймайды. Дегенмен бұл әдістің де өзінше ұтымдылық жағы бар. Дастандар мен өлеңмен жазылған роман, повестерде кездесетін бұл әдіс шығарма мазмұнын тартымды етіп, құндылығын арттыра түседі. Мысалы, Пушкиннің "Руслан және Людмила" поэмасында ескі аңыздың оқиғасын баяндай отырып, ақын арасында бүгінгі өмір немесе тіпті әдеби сын жайлы жеке пікірлерін қыстырып айта кетіп отырады. Осы тәсілді Абай да қолданған. Ол "Масғұт" поэмасында Бағдатта ерте заманда болған деп айтылатын бір-екі аңыз-оқиғаны баяндай отырып, арасында: "Ақыл-ой, ар-намыс жоқ еш адамда, Өлген мола, туған жер жібермейді. Әйтпесе, тұрмас едім осы маңда", - деп өскен ортасын, өз көңіл күйін сөз етіп кетеді.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}pt:Digressão