Лимфоидты үлпа

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Лимфоидты үлпа (лимфоидная ткань); (textus lymphoideus, Үлгі:Lang-la — ұлпа, lymphoideus — лимфа тәрізді) — қантұзу (гемопоэз) мүшелерінде орналасқан, дәнекер ұлпасының маманданған түрі. Қантұзу мүшелерінің негізін ретикулалы ұлпа (тимус пен клоака қапшығында - ретикулалы-эпителиальды ұлпа) құрайды. Ретикулалы ұлпа мен онда жинақталған әртүрлі даму сатысындағы лимфоциттер бірігіп, лимфоидты ұлпаны құрайды. Лимфоидты ұлпа ішкі орта ұлпаларының ерекше түрі. Ол тимуста, көкбауырда, лимфа түйіндерінде, ішкі түтікше мүшелер кілегейлі қабықтарындағы лимфа түйіншелерінде орналасып, лимфоциттердің түзілуін (лимфоцитопоэз) және олардың пісіп жетілуін қамтамасыз етеді. Лимфоидтыұлпаның негізін жасайтын ретикулалы үлпа лимфоцитопоэздің толық жүруіне қолайлы микроорта тузеді. Лимфоидты улпадаш жасушалар ретикулалы үлпа клеткалары және қантүзу жасушалары болып екі топқа бөлінеді. Ретикулалы үлпа жасушаларына тіректік қызмет атқаратын фибробласт тәрізді жасушалар және қорғаныс қызметін атқаратын макрофагтар, ал қантүзу жасушаларына көпмүмкіндікті (полипотентті) діңгекті жасушалардан дамыған лимфоциттердің даму қатарындағы жасушалар жатады. Лимфоидты ұлпада Т- және В- лимфоциттер мен плазмоциттер түзіледі.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Лимфоидты үлпа|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}