Лидия Тәжәдінқызы Кәден

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Лидия Тәжидинқызы Кәденова (17 ақпан 1952 жылы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында туған) — кеңестік және қазақ кино және театр актрисасы, актриса. Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі (1991).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Көптеген Қазақстандық кинофильмдер мен сериалдарға түскен танымал артист. Көптеген халықаралық театр фистивальдерінің бірнеше мәрте жүлдегері. Республика жұртшылығына «Тамаша» ойын-сауық отауы арқылы кеңінен танылған дарынды актриса.

Биография

1952 жылы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында туған. 1967 жылы Ақтөбедегі мәдени ағарту училищесін бітірген. 1970-1974 жж Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының "актерлік шеберлік" мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Білімі

Қазақ Ұлттық консерваториясынның (бұрынғы Алматы консерваториясы) "актерлік шеберлік" факультетін бітірген (1970-1974 жж).

Еңбек жолы

  • 1974 жылы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ балалар мен жасөспірімдер театрының актерлік бөліміне қабылданады. Осы кезге дейін осы қара шаңырақта еңбек етеді.
  • "Тамаша" әзіл-сықақ театрында да жұмыс жасады.

Фильмдері

  • 1987 - «Зять из провинции» – Софа (реж. С.Нарымбетов)
  • 1988 - «Балкон» (реж. Қ.Салықов),
  • 1988 - «Восхождение на Фудзияму» (реж. Б.Шәмшиев),
  • 2009 - «Город мечты» – Газиза
  • 2013 - «Женский доктор-2» - Гульнар (реж. А.Гойда, И.Громозда)

Марапаттары

  • 1991 жылы Президент Н. Назарбаевтың жарлығымен «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген артисі» құрметті атағының иегері.
  • 2005 жылы "Құрмет" Орденімен марапатталды.
  • 2015 жылы "Парасат" Орденімен марапатталды.
  • 2015 жылы "Еңбек ардагері" мемлекеттік медальінің иегері.
  • 2016 жылы "ҚР тәуелсізідігне - 25 жыл" мемлекеттік мерекелік медальімен марапатталған.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер