Лив тілі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тілдер Лив тілі (өз атауы līvõ kēļ «ливтердің тілі» немесе rāndakēļ «жағалаудағы тіл») — ливтердің тілдері, балтық жағасы-фин топ тармағы фин-угор тілдеріне<ref>Үлгі:Кітап</ref>тиесілі. Лив халқының ана тілі, жағдайларға байланысты сөйлесу кезінде жий қолданбайды, бірақ сонда да балтық жағалауындағы елдер әлі де лив тілін зерттеп, оқытады, әсіресе Латвии және Эстония (Тарту).

Қазіргі ливтердің көп бөлігі леттизацияланды<ref>Үлгі:Кітап</ref>. Лив тілі соңғы рет күнделікті өмірде Виктор Бертольдпен (1921—2009) және әйелі Марта-мен (1925—1994) қолданылған . 2012 жылы әлемде оптимисттік көзқараспен қарағанда, лив тілін жеткілікті меңгерген 210 адам бар еді. Лив тілі ана тілі болған, соңғы адам Гризельда Кристинь<ref>Үлгі:Мақала</ref>болды, ұзақ уақыт Канадада болып, 103 жасында 2013 жылы 3 маусымда өледі.<ref name="dead" />.

Тілдің атауы

Либь этнонимы XI ғасырлардан бері көне орыс жазбаларында кездесіп келе жатыр, ал XII ғасырдан латин тілдес немістерде - Livones (Livonia мемлекетінің атауы да осыдан шыққан). Жазбаша атауы, қазіргі таңдағы орыстар секілді «ливтер» өзін-өзі атауы līvõ / lībõ. Өзін-өзі атауының екі этимологиясы бар: оны карел-ливиктермен (livvikoi) байланыстырады және балтық жағасындағы финдер тайпасымен немесе праприбалтық-финдерден шығаратын болсақ *līva (Үлгі:Lang-fi «лай, балшық», Үлгі:Lang-et «құм»), бұл жағдай ливтердің құмды жағалауларда тұрғандарымен айқындалады.<ref>Үлгі:Кітап</ref>.

Лингвогеография

Ареал

XX ғасырдың ортасында ливтер Курляндияның 20 ауылын мекендеген: Мелнсилс (Mustanum), Колка (Kūolka), Вайде (Vaid), Саунагс (Sänõg), Питрагс (Pītrõg), Кошрагс (Koštrõg), Мазирбе (Ire), Сикрагс (Sīkrõg), Яунциемс (Ūžkila), Лиелирбе (Īra), Микельторнис (Piza), Лужня (Lūž)<ref name="Аристэ33">Үлгі:Мақала</ref>.

Диалект

Бұрында лив тілінде екі негізгі диалект болған: курляндық (курземдық) және салацтық (видземдік, лифляндық)<ref>Лаанест А. {{Лив тілі}}</ref><ref>Үлгі:Cite book</ref>. Салац тілі XIX ғасырда жоқ болып кетті. 1846 жылы А. Шёгрен 22 салац диалектін тасымалдаушыны тапқан. 1858 жылы Ф. Видеман 8 қартты тапқан, соңғысы 1868 жылы өлді<ref name="Moseley6">Үлгі:Кітап</ref>.

Курлянд диалектісі үшке бөлінеді: шығыс, батыс және орта. Олардың арасындағы айырмашылық үлкен емес. Алғашында әдеби тіл екі нұсқада құрылған (батыс және шығыс диалектілік үшін), 1970-1980 жылдары орта-лив ерекшеліктері әдеби тілден тасталады<ref name="autogenerated1">Үлгі:Cite book</ref>.

Статус

1991 жылы19 наурызда Латвия Республикасы қабылдаған «Еркін дамуы мен Латвияның ұлттық және этникалық топтардың мәдени автономиясының құқығы туралы» Заң бойынша, ливтерге «Латвия ұлттарының көне және негізгі ұлты» деген құқықтық статус беріледі, ал 1999 жылы 9 қаңтардан бастап лив тілінің статусы мемлекеттік деңгейде орнатылды, Латвия Республикасының 21 желтоқсан 1999 жылы қабылданған заңның 4 беті бойынша «Мемлекет тілі туралы»мемлекет, жергілікті халықтың(автохтон)<ref name="Kādi dokumenti">Үлгі:Cite web</ref>. тілі ретінде лив тілінің сақталуын, қорғалуын және дамуын қамтамасыз етеді.1995 жылдан бастап, лив тілі мен лив мәдени құндылықтары Латвия ұлттық мәдени мұрасына енгізілген<ref name="Kādi dokumenti">Үлгі:Cite book</ref>.

Жазуы

Бірінші литвалық тілін зерттеушілер А. Шёгрен және Ф. Видеман, лив тілін жазу үшін фонетикалық транскрипциясын қолданды. Ол сондай-ақ 1863 жылы жарық көрген, Лив тіліндегі бірінші басылған кітабында қолданылған.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

1920 жылдары шыққан жарияланымдарда, фонетикалық транскрипциясы негізіндегі орфография қолданылған, бірақ эстондық орфография элементтері бар. Сонымен қатар õ әріпі енгізілді<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Лив тілінің алфавиті:

Aa, Āā, Ää, Үлгі:Unicode, Bb, Dd, Үлгі:Unicode,
Ee, Ēē, Ff, Gg, Hh, Ii, Īī, Jj,
Kk, Ll, Ļļ, Mm, Nn, Ņņ, Oo,
Ōō, Үлгі:Unicode, Үлгі:Unicode, Õõ, Үлгі:Unicode,
Pp, Rr, Ŗŗ, Ss, Šš, Tt, Үлгі:Unicode,
Uu, Ūū, Vv, Zz, Žž
.

Ескірген әріптері: Öö, Үлгі:Unicode, Yy, Үлгі:Unicode.

ț, ḑ, ņ, ļ және ŗ әріптерінің астындағы седиль, дауыссыз дыбыстардың палаталдануын білдіреді<ref>Үлгі:Cite book</ref>. Дауысты дыбыс үстіндегі макрон ұзақтығын білдіреді.

Тарихы

Лингвистикалық сипаттамасы

Фонетика және фонология

Дауысты

Лив тілінің дауысты дыбыстар жүйесі<ref name=autogenerated1 /><ref>Үлгі:Cite book</ref>:

Көтерілу Тілдің орналасуы
Алдыңғы Орта Артқы
Көтеріңкі i iː u uː
Орта-көтерінкі ɘ ɘː ɤ ɤː
Орта ɛ ɛː ə ɔ ɔː
Астыңғы æ æː ɑ ɑː

Ә дауыстысы екпінсіз буындарда, ɘ дауыстысының алафоны болып табылады. Екеуіде õ әріпімен белгіленеді.

Дифтонгтар екпінді буындарда ғана кездеседі. Олардың барлығы, ie - ден басқа, бәсеңдейтін екпіндер<ref>Үлгі:Cite book</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер