Ливан тау массиві

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ливан тау массиві - Ливандағы тау жотасы.

Жерорта теңізі жағалауымен 170 км-ге созылып жатыр. Ені 45 км. Биіктігі 3083 м (Курнет-эс-Сауда тауы). Шығысында Бекаа ойысымен жалғасады. Негізінен әк тас және құм тастан, базальтты жыныстардан құралған. Батыс беткейі ылғалды, жылдық жауын-шашын мөлшері] 1000 мм-ден астам. Шығысы біршама қуаң келеді. Емен, алопп қарағайы, ливан самырсыны өседі. Туристер жиі келетін карстілік үңгір - Джидда осында орналасқан.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 7 том </ref>

Дереккөздер

<references/>