Лептондық заряд

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ЛЕПТОНДЫҚ ЗАРЯД, лептондық сан (L) — лептондарды сипаттайтын айрықша кванттық сан. Лептондар саны мен олардың антибөлшектері санының айырмасы барлық процестер кезінде тұрақты болып қалатындығы тәжірибе жүзінде анықталған. Мысалы, электрондық қармау процесінде протонның (р) электронды (е–) жұтуы электрондық нейтриноның (nе) ұшып шығуымен қабаттаса жүреді: е–рnе, ал протонның (р) теріс мюонды жұтуы мюондық нейтриноның () ұшып шығуымен қатар жүреді: –рn; нейтронның электронмен бірге бета-ыдырау процесінде электрондық антинейтрино, т.б. пайда болады. Мұндай заңдылықтар лептондарда айрықша “заряд” — Лептондық зарядтың болуымен түсіндіріледі. Лептондар үшін L=+1-ге, ал антилептондар үшін L=–1-ге тең. Тәжірибе мәліметтері көрсеткендей үш Лептондық заряд — электрондық Le, мюондық L және ауыр лептондар (–) мен оның нейтриносының () L бар. Ал қалған барлық элементар бөлшектер үшін Летондық заряд нөлге тең деп есептеледі. Бөлшектер жүйесінің Лептондық заряды — жүйе құрамына енетін бөлшектердің Лептондық зарядтарының алгебралық қосындысына тең.

Пайдаланған әдебиет

Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы <references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Лептондық заряд|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}