Лепсі мұздығы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Лепсі мұздығы — Жетісу (Жоңғар) Алатауының солтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Лепсі өзенінің оң саласы Сарымсақтының бастауында. Мұздықты 1904 жылы В.В. Сапожников алғашқы рет зерттеп, осылай атады.
Аумағы
Ұзындығы 5,3 км, ашық жері 4,7 км. Жалпы ауданы 6,2 км2, ашық жатқан тілі 2,5 км2. Фирн (мұзқар) сызығы 3480 м биіктікте. <ref>Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы</ref>