Леон Оганесович Ахвердян

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Леон Оганесович Ахвердян (1924 ж. т.), армян әдебиет және театр зерттеушісі. Арменияның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1972). Армян драматургиясы, театры, прозасы туралы бірнеше зерттеулері шықты. Әуезовтің 80 жылдық мерейтойына байланысты Алматыда өткен салтанатты мерекеге қатысып, сөз сөйледі. «Аса көрнекті қазақ жазушысының шығармалары өзіндік өрнегімен және аса көркем қасиетімен ерекшеленеді. Оның туындылары қазақ халқының рухани байлығы мен өзгеше мәдениетін әлемге танытты. Сондықтан М. Әуезовтің кітаптары элем әдебиетінің ең таңдаулы шығармаларымен қатар тұруы тегін емес»<ref>«Мұхтар Әуезов - совет әдебиетінің классигі», А., 1980, 38-бет</ref> деген келелі ойларын ортаға салды.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub