Леонтьев Алексей Леонтьевич

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ЛЕОНТЬЕВ Алексей Леонтьевич (1716, Мәскеу — 12.5.1786, Санкт-Петербург) — орыстың шығыстанушы ғалымы. Мәскеудегі Славян-грек-латын академиясында оқыған. 1742 — 52 ж. Пекинде қытай және маньчжур тілдерін үйренді. Санкт-Петербургке оралған соң Ресей Сыртқы істер коллегиясында аудармашылық қызмет атқарды. Леонтьев 1767 ж. Пекинге екінші рет барды. Қытайдан келген соң өмірінің ақырына дейін Сыртқы істер коллегиясы іс-басқармасында кеңесші қызметін атқарды. Леонтьев Еуропада болып қытайдың классикалық шығармасы “Төрт кітапты” (Сы Шу Гей, 1780 ж.), “Қытай үкіметінің барлық заңдары мен нұсқаулары” еңбегін тәржімалады (3 томдық, 1781 — 83). 1779 ж. “Қытай әліппесін” жариялады.

Дереккөздер

Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы <references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Леонтьев Алексей Леонтьевич|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}