Леонид Николаевич Дигай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Леонид Николаевич Дигай 1949 жылы 13 шілдеде Қызылорда облысы Шиелі ауданы «Авангард» ұжымшарында туған. Корей.Әкесі - Дигай Николай Васильевич, марқум, Сарыағаш ауданының өсімдіктерді қорғау жөніндегі бас инспекторы болды. Анасы - Цой Раиса, марқұм, Сарыағаш қаласы аудандық ауруханасында акушер болып еңбек етті. Өзбек мемлекеттік дене шынықтыру институтының спорт факультетін бітірген (1978), денө шынықтыру оқытушысы, ауыр атлетикадан жаттықтырушы. Орыс және қазақ тілдерін біледі.

  • 1966 жылдан - «БасТашкентҚұрылыс» (Ташкент қ.) тресінде жұмысшы-құрылысшы.
  • 1978 жылдан - Ташкент облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінде ауыр атлетикадан ӨзКСР құрамасының жаттықтырушысы. *1996 жылдан - №3 ОРМБЖСМ (Шымкент қ.) ауыр атлетикадан жаттықтырушы.
  • 2002 жылдан бері - ҚР ұлттық штаттық қурама командасының жасөспірімдер құрамасында ауыр атлетикадан жаттықтырушы.

Әлем чемпионы (2009) Манеза Майяны; Азия чемпионы (2003), Азия ойындарының қола жүлдегері Фролов Дмитрийді; 2 мәрте Еуропа чемпионы, Еуропа Чемпионатының 2 мәрте күмісжүлдегері, XVIII Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (Афины, 2004), РФ бірнеше мәрте чемпионы (1994-2010) Перепелов Олегті және басқаларды тәрбиелеген. Ауыр атлетикадан ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы (2003). «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2009).

  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Оптимистік».
  • Хоббиі - археология, тарих.
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи романдар.
  • Үйленген. Жұбайы - Дигай Людмила (1951 жылы туған). Ұлы - Дигай Николай (1975 жылы туған); қызы-Дигай Галина (1980 жылы туған).

<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub