Леонид Исаакович Мандельштам

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мандельштам Леонид Исаакович (22.04.1879, Могилёв, - 27.11.1944, Мәскеу) - советтік радиофизикатер мектебінің негізін салушылардың бірі, совет физигі, КСРО ғылым академиясының акадимегі. 1925 жылдан Мәскеу университетінің профессоры. Оның ғылыми еңбектері негізінен оптикаға, тербелістер теориясына және радиофизикаға арналған. 1928 ж. Г.С. Ландсбергпен бірге отырып, жарықтың камбинациялық шашырауын ашты. Мандельштам - сызықтық емес тербелістер теориясын жасаушының бірі. Ол Н.Д.Папалексимен бірге отырып бұл салада бірқатар жаңа құбылыстарды ашып зерттеді, параметрлік генератордың көмегімен электр тербелістерін қоздырудың жаңа әдісін жасады, сондай-ақ радиофизика саласынан радиоинтерференциялық методтарды ашты. Мандельштам салыстырмалық теориясы, статистикалық физика, кванттық физика салалары бойынша да бірқатар еңбектер жазды. Ол Ксро Мемлекет сыйлығының лауреаты, Ленин орденімен және Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер