Лениковтар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Лениковтар (Bucconidae) — жалқау құстар, тоқылдақтар тұқымдасына жатады. Дене ұзындығы 14—26 см. Якамарларға жақын, бірақ олардан айырмашылығы, мығым денелі, ірі тұмсықты және күнгірт борпылдақ қауырсынды. 7 туыстың 32 түрі негізінен Орталық және Оңтүстік Американың тропикалық ормандарында таралған. Ақ құмырсқалар ағашты үңгілеп жасаған ұялармен індерді мекендейді. Ұрғашылары 2—3 жұмыртқа салады. Қоректік жемтігін, (жәндіктер, көпаяқтылар, кесірткелер) ағашта қимылсыз ұзақ уақыт тосқауылдайды және оларды ауада немесе жерде өте шапшаң қимылмен, кағып алады. Ұзақ уақыт қимылсыз отыру ерекшелігіне қарап, оларды жалқау құстар деп атаған.<ref name=bi1>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Biosci-stub