Лекеров Асқар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Лекеров Асқар (1912-1964) - Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Аягөз ауылында туған. 1932-1934 жылдары Алматыдағы "Еңбекші қазақ" газетінің редакциясында істеген.<ref> Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>

1934-1936 жылдары армия қатарында болып, 1936-1938 жылдары Алматыдағы журналистер институтында оқыған. Оны бітірген соң, 1941 жылға дейін "Социалистік Қазақстан" газетінің редакциясында еңбек етеді. Ұлы Отан соғысына қатысып, одан оралған соң 1946 жылдан "Социалистік Қазақстан" газетінде, 1950-1953 жылдары КОКП Орталық Комитеті жанындағы партия мектебінде оқыды. 1953-1954 жылдары "Әдебиет және искусство" журналы редакторының орынбасары болды. 1954 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасында (қазіргі "Жазушы") редактор қызметін атқарды.

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}