Лейла Наурызбайқызы Ақбаева

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Лейла Наурызбайқызы Ақбаева<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref> (1966 жылы туған), ғалым, философ, педагог. Философия ғылымының кандидаты (1994), доцент. Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты (1994). «Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларындағы адамтану мәселелері» атты монографиясында (1993) жеке адамның қоғамдағы еркіндігі, шығармашылық еркіндік жөнінде Әуезов айтқан пікірлерді дәйектеме ретінде пайдаланып, өз тұжырымдарымен байланыстырған. «Әуезов туындыларындағы фольклор эстетикасы» деген мақаласында ұлы жазушының халық ауыз әдебиетіне қатысты көз қарастары мен ой-пікірлерін талдап қарастырған («Қазақ тілі мен әдебиеті», 2003, №10, 51-56-беттер).

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub