Лев Архипов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Лев Архипов (1936 - 1978. Орал қаласы) - тележурналист. <ref> "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>. А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институттың бітірген (1956). Еңбек жолын 1959 жылы Орал облыстық радиосында тілшілік қызметтен бастады.

1965 жылы облыстық теледидардын тілшісі, кейін бас редакторы қызметтерін атқарды. Көгілдір экранда алғашқы телевизиялық циклді хабарларды тікелей эфир арқылы көрермен аудиториясына ұсынды. Жетпісінші жылдары облыс аумағындағы елді мекендердің тыныс-тіршілігі, мал шаруашылығы менен ірі астық кеңшарының күнделікті қарбалас істері және өткір проблемалары айшықты тіл, тың пікір, терең талдау арқылы беріліп турды. Оның телекейіпкерлері - ғалымдар мен қарапайым еңбек адамдары, қазақтың әйгілі ақбасты ірі қара малының жаңа сорты, шаруашылық басшылары, шопандар мен егіншілер болды.
Өз жұмысына аса ұқыпты маман теледидар қызметкерлерінен өз ісіне берілгендік пен жинақылықты, білімділік пен ізденісті талап ететін. Ұлы Отан соғысының бірнеше медальдарымен марапатталған. 

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}