Леварса Бидович Квициниа

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Леварса Квициниа.jpg
Леварса Бидович Квициниа

Леварса Бидович Квициниа (1912-1941) - абхаз ақыны. 1932 жылдан КОКП мүшесі.

Өмірбаяны

1937 жылы М.Горький атындағы әдебиет институтын бітірген. 1928 жылдан шығармалары жариялана бастады. «Өркендеген ел» жинағының (1932), «Ткварчелстрой», «Ленин», «Миллиондардың үні», «Комсомол», «Шаризан» 1933, «Даур» (1936) және т.б. поэмалардың авторы. Шаризан бейнесі - ескіліктің қатал әдет-ғұрыптарымен күресте жеңіп шыққан абхаз әйелінің ерлік өнегесі. Квициниа жырлары Коммунистік партияға, кеңес халқына, Абхазияға деген сүйіспеншілікке толы. Ұлы Отан соғысына қатысып, Белосток түбінде ерлікпен қаза тапты. <ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975 ж., 7 том </ref>

Дереккөздер

<references/>