Латериттті профиль (қима)

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Латериттті профиль (қима) —ылғал тропиктер мен субтропиктерде таужыныстардың латериттік моруы нәтижесінде жасалады. Түпнұсқа таужыныстардың әр түрлі ыдырауына байланысты тік бағыттағы белдемділігімен сипатталады. Мынадай геохимиялық белдемдер (жоғарыдан төмен қарай) бөлінеді: 1) ыдырай бастаған біршама тың түпнұсқа таужыныстар; 2) бастапқы таужыныстардың негізінен механикалық қирап, тасшақпаға айналған белдемі; 3) ыдырай бастаған таужыныстар белдемі, бастапқы силикаттар гидрослюдаларға, монтмориллонитке, бейделлитке айналады; 4) теңбіл немесе баю белдемі —ала-құла түсті саз тәрізді, бастапқы бітімімен құрылымын толық жоғалтқан тау-жыныстар; 5) жоса (әдетте, ультранегізді таужыныстарда) немесе гематит-гиббситті(бокситті) белдем. Төрттік кезеңге дейінгі түзілімдерде (эрозия салдарынан) Л.п-нің төменгі белдемдері ғана сақталады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі

ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының  докторы, профессор, 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы Ж А Қ 2003. — 248 бет. ISВN 5-7667-8188-1, ISВN 9965-16-512-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала