Ландшафт физикасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ландшафт физикасы, ландшафт геофизикасы, биогеофизикасы — ландшафттанудың ландшафт процестерін физикалық жолмен анықтайтын саласы. Негізінен климаттың, жер бедері және топырақ жамылғысының белгілі бір кешеніне бейімделген органикалық ортаның өніп-өсуіне тікелей қажетті процестерді (ландшафт энергетикасы, жер беті жоғарғы қабатының радиациялық және жылу балансы, өсімдік бойына фотосинтездік радиацияның сіңуі, т.б.) зерттеумен айналысады. Сонымен бірге, топырақтың жылу және су режимін, биоценоз құрылымын, өзгерісін анықтап отырады. Ландшафт физикасының басты міндеті — табиғаттағы пайдалы биологиялық ортаның өнімділігін арттыру.



{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ландшафт физикасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}