Ландшафттану

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ландшафттануфизикалық географияның табиғи аймақтық кешендерін (геожүйелерді) зерттейтін ғылым саласы. Бұл терминнің соңғы кезде региондық физикалық географияның синонимі ретінде колданылуы басым болып барады. Ландшафттанудың негізгі мақсаты — табиғи және мәдени ландшафтты сипаттау, олардың құралымын, өзара байланысын, даму заңдылығын зерттеу болып табылады. Географиялық ландшафт туралы бұл ғылымның басты міндеті – ландшафт түрлерінің жаралуын, құрылымы мен динамикасын, даму заңдылықтарын, орналасуын және адамның шаруашылық әрекеттерінен оның өзгеруін зерттеу. Сонымен бірге ландшафттану төменгі сатыдағы геожүйелер (жеке қоныс, фация, т.б.) және жоғары сатылық геожүйелер (табиғи өлке, провинция, т.б.) мәселелерімен де айналысады. Табиғаттың осындай жеке жақтарын зерттей келе ландшафттану географиялық қабықтың аймақтық белдеуінің жалпы заңдылықтарын анықтайды, яғни физикалық географияның аудандау негізін қалайды. Ландшафттану деректері нысанның ландшафтылық картасын жасаудан басталатын экспедиция және стационарлық жұмыстар нәтижесінде жиналады; зерттеудің географиялық, картографиялық, тарихи, т.б. зерттеу әдістерімен қатар математикалық статистика және логика әдістері де қолданылады. Ландшафттанудың негізін салушылар – Л.С.Берг, Г.Н.Высоцкий, Г.Ф.Морозов, т.б.

Дереккөздер

Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, профессор С. К. Кенесбаева и кандидата филологических наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Издательство «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ландшафттану|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}