Лакколит

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Лакколит (грек. lakkos — шұңқыр, және lithos — тас)— жер бетіне тақау пайда болатын және шөгінді қабаттардың арасында жататын жапырылған төмпешік немесе линза тәрізді магмалық дене. Жер қыртысы қабаттарында шамалы тереңдікте пайда болады; көбінесе көне және қазіргі жанартаулы аймақтарда кездеседі. Лакколиттер симметриялы және асимметриялы түрлерге бөлінеді. Олардың астындағы каналы түтікше немесе дайка болуы мүмкін, магма каналдар бойынша жартылай тұтқыр күйінде гипабиссал жағдайларда сығылып шығады. Магманың құрамы негізінен қышқыл және орташа болып, шамалы метаморфтық ореол жасайды. Лакколиттер көп және жекелеген қабаттар жасап орналасады. Нағыз үйлесімді пішінді Лакколиттер жер қыртысында аз кездеседі. Жер бетіне шықпаған жасырын Лакколиттер үстіндегі қабаттарды күмбез тәрізді көтере криптолакколиттер орналасады. Ә. Байбатша

Сурет:Laccolith.svg
Стратаға еніп, оны деформациялаған лаколлит

Дереккөздер

  • Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Лакколит|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}