Лайк Сулейман

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Лайк Сулейман - ауған ақыны, мемлекет және қоғам қайраткері. 1964 жылдан Ауғанстан Халық-Демократиялық партиясының мүшесі. Кабул ун-тін бітірген. 1959-70 ж. Ауғанстан радиосында қызметкер, "Парчам" газетін шығарушы және оның жауапты редакторы, 1970 жылдан рев. астыртын жұмыста. 1978 жылдан Ауғанстан радио және телевизия министрі, 1980 жылдан ғылым академиясының президенті, 1981 жылдан тайпа және ұлт істері жөніндеге миистр. 1973 жылдан Азия және Африка елдері жазушылары ассоциациясының мүшесі.

Азия және Африка елдері жазушыларының Алматыда өткен 5-конференциясына қатысты.

Дереккөздер

↑Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7