Лазар Никола Карно

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Portrait Lazare Carnot.jpg
Лазар Никола Карно

Лазар Никола Карно (1753 жыл 13 мамыр, Ноле (Кот-д'Ор) - 1823 жыл 2 тамыз, Магдебург) - француз мемлекет және әскери қайраткері, инженер, математик. 1796 жылдан Париж ғылым академиясының мүшесі.

Өмірбаяны

1791-1792 жылдары Заң шығару жиналысының және 1792-1795 жылдары Конвент мүшесі. Якобин диктатурасы кезінде Қоғамдық құтқару комитетінің мүшесі болып, ірі әскери ұйымдастырушылығымен көзге түсті. Замандастары оны «Жеңісті ұйымастырушы» деп атады. 1795-1797 жылдары Директорияның мүшесі болды. 1804 жылы Наполеон Бонапарттың империя құруына қарсы шықты, «Жүз күн» ішінде онымен жақындасып, ішкі істер министрі болды. Бурбондар үкімет басына қайта келгеннен кейін Франциядан қуылып, өмірінің соңғы шағын Магдебургте өткізді.<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974 ж., 5 том</ref>

Дереккөздер

<references/>