Лазарь Сәйдімұлы Тумышев
Тумышев Лазарь Сәйдімұлы (1939, Форт-Шевченко қаласы – 1999, Ақтау қаласы) – инженер-механик. Астрахан балық өндірістік-техникалық институтын (1960) және Мәскеудегі С.Орджоникидзе мұнай-газ барлау институтын бітірген (1976). 1961 жылы Қарағанды тоңазытқыш цехында аға машинист, компрессор цехының бастығы, 1962 – 1973 жылдары Баутин балық комбинатында компрессор цехының механигі, бас инженер, директордың орынбасары болды. 1973 – 1978 жылдары «Жетібай» мұнай-газ өндіру басқармасында басқарманың құрылыс жөніндегі орынбасары, 1978 – 1980 жылдары Иракта іссапарда болған. 1981 – 1990 жылдары «Маңғышлақмұнай» бірлестігінде басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, бірлестіктің өндіріс бөлімінің бастығы, 1990 – 1995 жылдары Ақтау қаласындағы «Маңғыстаумұнайөңдеу» зауытытында директордың орынбасары, 1995 – 1999 жылдары «Маңғыстаумұнайгаз» Акционерлік Қоғамы бірлестігінде бөлім бастығы қызметтерін атқарған. Бірнеше Құрмет грамоталарымен марапатталған.<ref>«Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000;</ref>
Дереккөздер
<references/>