Лаврентий Анатольевич Кан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Кан Лаврентий Анатольевич«Сенім» Жамбыл баспа орталығы» ЖШС-ның бас директоры. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х </ref>

Лаврентий Анатольевич Кан 1958 жылы 21 шілдеде дүниеге келген. 1993 жылы Мәскеу полиграфия институтын, 2001 жылы Тараз мемлекеттік университетін бітірді.

1975-1986 жылдары Жамбыл облыстық баспа басқармасында жөндеуші, бас инженер болып істеді. 1986-1994 жылдары Байзақ, Шу аудандық баспаханаларында директор болды. 1998-1999 жылдары Жамбыл облыстық мемлекеттік баспахананың директоры қызметін атқарды. Кейін ол «Сенім» Жамбыл баспа орталығы» ЖШС болып өзгертілді.

2002 жылы «Сенім» Жамбыл баспа орталығы» Полиграфистердің Еуразиялық Одағына мүше болды. Осы жылы облыс тарихында тұңғыш рет «Сенім» ЖБО ЖШС-нда республикалық «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттері басыла бастады.

Л.А.Канның полиграфиядағы 23 жылдық еңбегі ҚР Президентінің құрмет грамотасымен, облыс және қала әкімдерінің грамоталарымен, ҚР Мәдениет ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің алғыс хатымен, ҚР тәуелсіздігінің 10 жылдығы мерейтой медалімен, «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері» құрмет белгілерімен марапатталды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}