Л

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Қазақ әліпбиі (кирил)

Л, л — кириллицаға негізделген әліпби әрпі.

Тіл ұшы альвеолға (алғы таңдай мен үстінгі күрек тіс аралығына) нық тиіп, фонациялық ауа тілдің екі жағы арқылы сыртқа шығуынан жасалатын дауыссыз дыбысты белгілейтін әріп. Ол жасалу орнына қарай - тіл алды, дауыс қатысына қарай - үнді дауыссыздар тобына жатады.

Қазақ тілінің төл сөздерінде көбінесе сөз ортасы мен соңында кезледі, кірме сөздер мен кейбір қазақ сөздерінің басында "Л" жазылғанымен, айтылуда оның алдына қысаң дауыстылардың бірі қыстырыла дыбысталады. Мысалы, "лақ" - "ылақ", "лаж" - "ылыж" <ref> Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 6 том</ref> <ref>Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ., Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика, А., 1962</ref>.


Кодтар кестесі

Код Регистр Ондық
код
16-лық
код
8-дік
код
Екілік код
Юникод Бас 1051 041B 002033 00000100 00011011
Кіші 1083 043B 002073 00000100 00111011
ISO 8859-5 Бас 187 BB 273 10111011
Кіші 219 DB 333 11011011
KOI 8 Бас 236 EC 354 11101100
Кіші 204 CC 314 11001100
Windows 1251 Бас 203 CB 313 11001011
Кіші 235 EB 353 11101011

HTML жүйесінде бас әріп «Л»-ны &#1051; немесе &#x41B;, ал кіші «л» әріпін - &#1083; немесе &#x43B; деп белгілейді.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Commons