Көңілқос Қарабалаев
Көңілқос Қарабалаев (1935 жылы туған, Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласы) – экономист. Алматы халық шаруашылық институтын (қазіргі Экономика университеті) бітірген (1970). 1951–52 жылдары Форт-Шевченко қалалық кеңесі хатшысының көмекшісі, 1952–61 жылы Баутино балық қалбырлау комбинатында есептік комитетінде техник, аға инженер, бөлім бастығы, 1962–63 жылы Форт-Шевченко қалалық партия комитетінде нұсқаушы, 1963–67 жылы Маңғыстау ауданы партия комитетінде инспектор және нұсқаушы, 1967–68 жылы Баутино балық комбинатында директордың орынбасары, 1976–77 жылы Форт-Шевченко қаласы балықшылар корпорациясының басқарма төрағасы, 1977–97 жылы Форт-Шевченко қалалық және Түпқараған ауданы қаржы бөлімінің бастығы болды. 1997–2000 жылы Форт-Шевченко қаласындағы Ақкетік мешітін салуда мешіттің қоғамдық қоры директоры. «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» (1970) мерекелік медалімен, ҚР Қаржы министрлігінің Құрмет грамотасымен (1979) марапатталған.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007 </ref> <ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; </ref> <ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref> <ref>«Қазақ тілі» энциклопедиясы, Алматы, 1998; </ref> <ref>«Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000; </ref> <ref>«Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы, Алматы, 2001; </ref> <ref>«Қазақ өнері» энциклопедиясы, Алматы, 2002; </ref> <ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002; </ref> <ref>«Қазақстанның қорықтары мен ұлттық бақтары», Алматы, 2006; </ref> <ref>«Красная книга Казахстана», Алматы, 2006; </ref> <ref>«Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006; </ref> <ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007. </ref>
Дереккөздер
<references/>