Көшербаев Беделбай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көшербаев Беделбай (1939-1976) - 1939 жылы12 қазанда бұрынғы Семей облысы, Абралы ауданы, Тайлан ауылында дүниеге келген. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х </ref>

  • 1958 жылы Абай атындағы орта мектепті бітіріп, Мәскеу полиграфия институтына түскен.
  • 1963 жылы Алматыдағы №2 баспахананың жоспарлау бөлім бастығы, қоғамдық істерге де белсене қатысқан, Фрунзе аудандық Комсомол комитетінің бюро мүшесі, Фрунзе аудандық Райком партиясы жанындағы «Техника-эконом» кеңесінің мүшесі.
  • 1967 жылы Мәскеу полиграфия институтының аспиранты.
  • 1970 жылы институттың ғылыми кеңесі, оған экономика ғылымының кандидаты дәрежесін береді, сөйтіп Көшербаев Беделбай Орта Азия мен Қазақстанда полиграфия саласында тұңғыш кандидат атанды.
  • 1971 жылы Көшербаев Беделбай Баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі комитетінің жоспарлау – қаржы бөлімін басқарады.
  • 1972 жылы Орталық комитетінің газет-журнал баспасына директордың экономика-қаржы жөніндегі орынбасары болды.

Қазақ ұлттық университетінде 1972, 1973, 1974 оқу жылдарында философия-политэкономика факультетінде студенттерге дәріс берді. Мәскеу полиграфия институтының күндізгі бөлімі, Алматыдағы филиалының сырттай оқитын бөлімдеріндегі дипломдық жұмыстарға жетекшілік етті.

Көшербаевтың ғылыми еңбектері «Полиграфия», «Народное хозяйство Казахстана», «Сельское хозяйство Казахстана», «Білім және еңбек», «Қазақстан ауыл шаруашылығы» – басылымдарында шыққан. «Полиграфияда машинамен және қолмен атқарылатын операциялардың нормативтік мәселелері» деген монографиясы шықты және көптеген ғылыми мақалалар жазды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}