Көшен Елеуов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көшен Елеуов - 1892 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бесоба ауылында туған.

  • 1902—1911 жж. ескіше оқып білім алған.
  • Қазақстан Жазушылар одағының 1938 жылы Алматыда халық ақындарына арналып ашылған қысқа мерзімді курсында оқыған.
  • 1916 жылы майданға алынып, Ресейдің батыс шекарасында қара жұмыс істейді.
  • Содан соң еліне келіп, әуелі ауылдық кеңес төрағасының орынбасары (1917), кейін төрағасы қызметін атқарады.

Шығармашылығы

Алғашқы өлеңі — «Елге сәлем» (1916). «Баян», «Қорқыт», «Бозінген», «Сарыарқалық жігіт», «Екі дос », « Қарағанды », « Жылқышы » дастандарын шығарды.

19431961 жылдары аудандық, облыстық, республикалық халық талаптарының жиындарына қатысып, онда Шашубай, Ілияс, Маясар, Жолдыкей тәрізді ақындармен айтысқа түсті.

Айтыстары мен топтама өлеңдері. «Ақындар жыры» (1963), «Пернедегі термелер» (1965), «Айтыс» (3-т., 1966), «Ленин деп халық жырлайды» (1969) жинақтарында жариялайды.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}