Көтібар мұнарасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көтібар мұнарасы - тарихи-архитектуралық ескерткіш. 1869 жылы Сырым Датұлы бастаған ұлт азаттық қозғалысына қатысқан батыр Көтібар Бәсенұлына арналып салынған.<ref>Дала Геркулесі. Тауман Төреханов. – Алматы: Атамұра Корпорациясы, 2008. ISBN 9965-21-804-8</ref>

Географиялық орны

Көтібар мұнарасы қазіргі Қызылорда облысының Сырдария ауданындағы Шіркейлі ауылы маңында орналасқан.

Сипаты

Мұнара шикі кірпіштен қаланған, ішінде айналып шығатын баспалдағы бар. Ірге тасының диаметрі 4 м, биіктігі 10 м. Көтібар мұнарасы жоғары қарай өтетін есіктері бар 4 қабаттан тұрады. 1982 жылы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізілді. Ескерткішке қатысты материалдар Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы.<ref>Қазақ ССР 4 томдық қысқаша энциклопедия./Бас редактор Р.Н. Нұрғалиев;Алматы; Қаз.Сов. Энциклопед. Бас. редак. 1989 ISBN 5-89 800-009-7</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер