Көтібаров Әлмұхамед

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Көтібаров Әлмұхамед (Әлмағамбет) (1876/78, Перовск уезі, «Царская» болысының 7-а. – 1938, Ташкент) – саяси қайраткер. Мұстафа Шоқай серіктерінің бірі болған. 1917 ж. Қазақ азаматтық көтерілістерінің Сырдария облысындағы комитет төрағасы болып сайланды. Ташкент уездік атқару комитетінің мүшесі болды. Орынбордағы 2-жалпы қазақтық съезіне Сырдария облысы Перовск уезінен делегат болып қатысқан. Кеңестік дәуірдің алғашқы жылдарында Ташкент, Алматы қалаларында әр түрлі қызмет атқарды. К. 1937 ж. жазықсыз жала жабылып, қамауға алынған, 1938 ж. Ташкентте атылған. <ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub