Көп құрамды құрмалас сөйлем

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көп құрамды құрмалас сөйлем — компоненттерінің саны үш және одан да көп болып келетін құрмалас сөйлемдер. Мысалы: Көп ойлануға уақыт қалған жоқ, жалғыз үміт: не Талғар өткел беріп құтқарады, не өзі жұтып құтқарады, әйтеуір дұшпанға жоқ. (М. Әуезов). Көп құрамды құрмалас сөйлемтар көп құрамды салаласқа, көп бағыныңқылы сабақтасқа және аралас құрмалас сөйлемге жіктеледі. Көп құрамды салапастың баяндауыштары өңкей тиянақты тұлғада тұрады (Шұғыл орысша білмейді, барон қазақша білмейді, бірақ екеуі кейде араға тілмаш салмай ақ түсінісе береді. X. Есенжанов). Көп бағыныңқылы сабақтастың тиянақсыз тұлғалы бірнеше бағының қылары тиянақты тұлғалы бір басыңқыға қатысты болып келеді (Бірақ күз суық болмай, күзек оты әлі де мол болғандықтан, жұрт іркіліп отыр. М. Әуезов). Аралас құрмаласта тиянақты, тиянақсыз тұлғалы компоненттер араласып қатар жұмсалады (Қазір ол Игілікгің үстіне барлық мақтауын үйер еді, аузына сөзі құрғыр түспей, тілі кемекейіне жабысып қалғандай күрмеліп қалыпты. Ғ. Мүсірепов).<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}