Көп құрамды салалас сөйлем

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көп құрамды салалас сөйлемкөпқұрамды құрмаластың бір түрі. Оның ерекшелігі: құрамындағы компоненттердің саны үш және одан да көп мелшерде болып келіп, компоненттерінің баяндауыштары тиянақты тұлғаларға аяқталып тұрады (Кілем, керпе тесеулі, күмістеткен сары ала тегене сапырулы, керектінің бәрі бар, артық еш нәрсе жоқ. Ғ. Мүсірепов). Көп құрамды салалас сөйлем компоненттерінің мағыналық-құрылымдық ерекшеліктеріне қарай ашық құрылымды және тұйық құрылымды болып бөлінеді. Ашық құрылымды Көп құрамды салалас сөйлем компоненттері өзара бірыңғай мағыналық қатынаста және құрылымы жағынан да біртектес болып келеді, сондықтан компоненттерінің саны шексіз соза беруге болады (Жүйрік шабыста сыналады, шешен айтыста сыналады, балуан күресте сыналады, батыр ұрыста сыналады. Мақал). Тұйық құрылымды Көп құрамды салалас сөйлем компонеттері әр түрлі мағыналық қатынаста және түрліше құрылымда тұратындықтан, тұйықталып келеді, ондағы хабар-мәлімет көлемі шектеулі болады (Әлі де қала ішінде қоштасатын жерлеріміз көп сияқты еді, ол баяғы басқа күндердің елесі екен, енді ешнәрсеге мойнымыз бұрылар емес. Ғ. Мүсірепов).<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}