Көпқабатты жалпақ эпителий

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көпқабатты жалпақ эпителий — өз кезегінде мүйізделетін және мүйізделмейтін эпителий ұлпаларына бөлінеді. Көпқабатты мүйізделмейтін жалпақ эпителий ауыз қуысы кейбір мүшелерінің, жұтқыншақтың, өңештің, тік ішектің, қынаптың кілегейлі қабығын астарлайды, бадамша бездерде (миндалиналарда) кездеседі, көздің қасаң қабығын сыртынан қаптайды. Көпқабатты мүйізделмейтін эпителий төменгі - негіздік (базальды) эпителиоциттер қабатынан, ортаңғы — қылтанақты эпителиоциттер қабаттарынан және жоғарғы — жалпақ эпителий жасушалары қабаттарынан тұрады. Көпқабатты мүйізделетін жалпақ эпителий — терінің эпидермис (теріүсті) қабатын түзеді. Эпидермис құрылысы мен атқаратын қызметі бір-бірінен ерекше бес түрлі: негіздік, қылтанақты, дәнше, жылтырауық және мүйізді эпителиоциттер қабаттарынан құралған.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Көпқабатты жалпақ эпителий|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

ar:نسيج طلائي ta:எப்பித்தீலியம்