Көпіршік мамыт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Көпіршік мамыт (Үлгі:Lang-la) – көкендер тұқымдасы, мамыт туысына жататын бір жылдық өсімдік<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>.

Ботаникалық сипаты

  • Биікітігі 20-50 см.
  • Сабағы тік әрі жәңішке, қалың жапырақты тік бұтақтары болады.
  • Қысқа сағақты қандауыр тәрізді немесе сопақша келген көкшіл сұр жалаң жапырағының ұзындығы 6-13 мм, ені 1-3,5 мм, екі шетіне қарай жіңішкеріп, бас жағы домалақтанған.
  • Гүлдері бас жағындағы орама жапырақсыз гүлшоғына топтасқан. Гүлшоғы жемістенген кезде 3,5 см-ге дейін ұлғаяды. Гүлсерігі ашық жасыл түсті, түтігінің ұзындығы 3-4 мм.
  • Жемісі - түсі қара жұмыртқа тәрізді жаңғақша, сырты жылтыр, ұзындығы 2 мм-дей, ені 1 мм-дей. Мамыр-тамыз айларында гүлдеп, жеміс береді.

Өсетін жері мен таралуы

Қазақстанда шөлді аймақтарда, Торғай үстіртінде, Сарыарқаның батыс және шығыс шоқыларында, Зайсан қазаншұңқырында, Тарбағатай жота]сында, Балқаш-Алакөл ойысында, Жетісу және Іле Алатауларында, Шу-Іле тауларында, Батыс Тянь-Шань жоталарында өседі.

Дереккөздер

<references/>