Көпшік тұрқылас лава
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Көпшік тұрқылас лава— су түбіне төгілген яки лай тұнбаларына кіріккен лавалар есебінен қалыптасқан эффузивті жыныстар; бұлардың сырт пішіні бір-біріне жапсарласа дөңкиген көпшік тұрқылас немесе шар тектес денелер жүйесін құрайды; әрбір "көпшіктің" ішкі кұрылысы концентрлі болып келеді, ал олардың сыртқы өңірі кеуек пішінді немесе шыны тектес қабатшамен қапталған. <ref>Н. Сейітов, А. Абдулин. Геология терминдерінің, сөздігі.— Алматы: Қазақстан 1996, 368 бет.ISBN 5-615-01738-4</ref>
Синонимдері — шар тектес лава; пиллоу-лава.
Дереккөздер
<references/>