Көптам

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Көптам – Орта Азиядан Шығ. Еуропаға баратын керуен жолының (16 ғ-да “Ноғайлы жолы” атанған) бойына салынған шағын қала. Қоңыраттан (Бесқала) 360 км жерде, Ақтөбе мен Атырау облысының аралығында, Сам құмының жағасында. А.Левшиннің жазуы бойынша К. 19 ғ-дың бас кезіне дейін қала көркін сақтап келген. В.В. Бартольд К-ды ежелгі Сам қ-ның орны болуы мүмкін деген жорамал айтады. Қазір К-ның орны ғана сақталған. Құрылыс сілемдеріне қарағанда мұнаралы қорғанмен қоршалған. Қоршау ішінде құлаған құрылыстардың қалдықтары сақталған. Әдеб.: Левшин А.И., Описание киргиз-кайсацких или киргиз-казачьих орд и степей, т. 1 – 2, СПб., 1832; Бартольд В.В., Научные результаты Аральской экспедиции, СПб., 1902; Басенов Т.К., Архитектурные памятники в районе Сам, А.-А., 1947.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}